13 маусымнан 14-іне қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үшінші ойын күні өтеді, оның аясында төрт матч жоспарланған. Сессияның басты бәсекесінде кубоктың бес дүркін иегері – Бразилия құрамасы Марокко командасымен кездеседі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бразилия мен Марокко арасындағы матч Катар-Швейцария ойынынан кейін, Гаити-Шотландия және Аустралия-Түркия кездесулеріне дейін кестеде екінші болып тұр.

Катар – Швейцария: тікелей эфир

ӘЧ-2026 аясындағы күннің алғашқы матчінің тікелей эфирі 13 маусымда Қазақстан уақытымен сағат 23:50-де басталады. Ойынды Qazaqstan және Qazsport арналары, сондай-ақ, арналардың сайттары тікелей эфирде көрсетеді.

Кездесу жеңімпазы B тобында бірінші сатыға көтерілуі мүмкін, себебі Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары өзара матчте тең түсті.

Бразилия – Марокко: тікелей эфир

Күннің басты матчінің трансляциясы 13-інен 14 маусымға қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 02:50-де басталады. Ойынды Qazaqstan және Qazsport арналары, сондай-ақ, арналардың сайттары тікелей эфирде көрсетеді.

Гаити – Шотландия: тікелей эфир

Мундиалдың келесі матчінде Бразилия мен Марокконың C тобындағы қарсыластары кездеседі. Кездесудің трансляциясы 14 маусымда таңғы сағат 5:50-де Қазақстан уақытымен басталады. Ойынды Qazsport арнасы мен сайты арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Аустралия – Түркия: тікелей эфир

Ойын күнінің қорытынды матчінде D тобының құрамалары кездеседі. Айта кетейік, Парагвайды 4:1 есебімен жеңген АҚШ командасы топта көш бастады.

Ойынның трансляциясы 14 маусымда таңғы сағат 8:50-де Қазақстан уақытымен басталады. Кездесуді Qazsport және сайты арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салайық, биылғы турнирге алғаш рет 48 командақатысып жатыр. Олар 12 топқа бөлінген және ойындар үш елде: АҚШ, Мексика мен Канадада өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!