Қазақстан ММА-ден жастар ара­сын­дағы әлем чемпионатында ал­ғаш рет І орынға қол жеткізді. Сербия аста­на­сы Белградта өтіп жатқан әлем чем­пио­натында астаналық са­йыпқыран Ерсұлтан Шәкенбай өт­кен жылғы чем­пиондық атағын қор­ғап, екі дүркін Әлем чемпионы атан­ды.
Төрткүл дүниенің 60 мемлкетінен 600-ден астам спортшы бақ сынасуда. Қазақ­станның намысын қорғауға ұлттық құраманың 33 спортшысы білек сыбана кіріскен. Байрақты бәсекеде 18-20 жаста­ғы жастар арасындағы финалдық жекпе-жек өтті. Қазақстан құ­ра­масының қор­жынына 3 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль түсті. Алғашқы алтын ме­дальді қанжығаға байлаған дарынды спорт­­шы Ерсұлтан Шәкенбай 56,7 келіге де­йінгі салмақта өнер көрсетті. Ол финал­да тәжікстандық Лоик Икромовты қылқын­дыру әдісімен жеңді. Айта кетейік, Ерсұл­тан барлық жекпе-жектерін мерзімі­нен бұ­рын аяқтады.
Сондай-ақ, екінші алтынды Ақмола облы­сы­ның тумасы Матильда Бачурина, ал үшінші алтынды ұлттық құрама қоржы­нына Идрис Идрисов салды. Мұнан бөлек, қола медальға қол жеткізгендер қатарында Аяулым Ұлан (Алматы облысы), Динара Аяпова (Ақтөбе облысы), Жанерке Жа­мал­беков (Жамбыл облысы), Самат Төле­генов (Астана), Шыңғыс Ыдырысов (Алматы облысы) бар. Ал Қазақ­стан құра­масы ММА бойынша жастар арасын­дағы әлем чемпионатында алғаш рет І орын иеленді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!