Қызылорда облыстық әуесқойлар футбол лигасы кезекті маусымын қорытындылады. Жеті айға созылған чемпионатта 7 лига 88 команда және аладопқа аңсары ауған 2000-ға жуық қала тұрғындары қатысты.
Жазғы маусымның жаңалығы балалар және жасөспірімдер лигасының ашылуы болды. Оған 22 команда, 200-ге жуық ойыншы қатысты. Балалар және жасөспірімдер лигасының үлкен тобында «Динамо», орта топта «Қайсар 2010» және кіші топта «Намыс» футбол мектебі жеңіске жетті.
Біріншіліктің биік сатысы саналатын Суперлигада «Абай-дәулеттің» мерейі үстем болды. Ал жүлделі екінші орын «КГЭК-ке» бұйырса, «Дәулет» үздік үштікті қорытындылады.
«А» лигасында «Отбасы банкке» тең келер қарсылас табылмады. «В» лигасында «Яксарт» жеңімпаз атанды. Күміс «ALTAIS-қа», қола «Разведполк-қа» бұйырды. «С» лигасында «Нағи» командасы чемпион атанды. Кейінгі орындарға «Спартак» пен «Жаңақала» жайғасты.
Марапаттау рәсімінде «Қарекет» қайырымдылық қоры бір отбасының шаңырақ көтеруіне үлесін қосып, шараның шырайын келтірді.
Ерасыл ШӘРІБЕК
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!