«Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль», «Арсенал» және «Тоттенхэм Хотспур» ағылшын футбол клубтары еуропалық Суперлига жобасынан шығатыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы футбол клубтарының ресми парақшасында хабарланған.

Бұған дейін «Манчестер Сити» клубы еуропалық Суперлиганы өткізу жоспарын әзірлейтін топтан шығу рәсімдерін ресми түрде қолданысқа енгізген болатын.

Сондай-ақ, БАҚ ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Еуропалық футбол Супер Лигасының тоқтатылғанын хабарлады.


turkystan.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!