Бүгін «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен XIІI облыстық «Алтын белбеу» сайысының ашылу салтанаты өтті.Өңіріміздің барлық аймағынан құралған 9 командадан 200-ден аса ең мықты балуандар өзара белдесті.Ауыр салмақта өнер көрсететін түйе палуандар сайысына қатысқан 16 спортшының арасынан:Жұмахан Сағыныш – «Сыр сұңқары» 3-орын Нұрым Сәлімгереев – «Сыр арланы» 2-орын, Максат Исагабылов – «Сыр барысы» 1-орын иеленді.

Сонымен, «Алтын белбеу» белдігінің иегері Қызылордалық Мақсат Исағабылов атанды.

1 және 2-орын алған балуандар 3 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алды. Қос спортшы «Астана күні» мерекесі қарсаңында ел астанасында облыс намысын қорғайтын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!