«Астана-Арена» стадионында «Ас­тана» клубы Шымкенттің «Орда­басы» командасын 2:1 есебімен ұтып, Қазақстан Суперкубогын же­ңіп алды.
«Астана» былтырғы футбол маусы­мын­­да еліміздің чемпионы атанса, «Орда­ба­сы» Қазақстан Кубогының иегері болған еді.
Бірінші таймда командалар матчтағы барлық голдарын салып үлгерді. Әуелі 8-минутта Алекса Аманович есеп ашып, «Астананы» алға шығарды. Арада бір минут өтер-өтпесте шымкенттіктер та­ра­зы басын теңестірді. Оны шұғыл қар­сы шабуыл барысында Еркебұлан Тұңғыш­баев баспен ұрып түсірді. Ал 38-минутта «Ордабасы» қақпасына пенальти бел­гіленді. Оны Дембо Дарбо жақсы пайда­лана білді.
Есеп осыдан кейін кездесу соңына де­йін өзгерген жоқ.
Сондай-ақ Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы Ульяновскіде жергілікті «Волгамен» Ресей Кубогының 1/32 финалдық ойынын өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Матчқа жеңімпаздар сапында қазақстандық Нұра­лы Әліп бастан-аяқ қатысты.
Осы күні сол сияқты Ташкентте «Пах­та­кор» мен Алматының «Қайраты» жол­дастық кездесу өткізді. Матч 4:3 (2:1) есебімен алаң иелерінің пайдасына ше­шіл­ді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!