Орталық мамандарының ұйымдастыруымен Титов мөлтек ауданында «AULA SPORT» мәдени-спорттық сайысы өтті.

Қалалық маслихат депутаты Айгүл Мұсабаеваның қолдауымен өткен бұл шарада ән де айтылды, би де биленді. Сайыс арқан тарту, қол күрес және белтемір спорт түрлерінен ұйымдастырылды. Спорттық шараға 50 жуық жас қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде керемет әсер алды.

Шара соңында белсенді жастар арнайы алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды. Қорытынды сәтте мөлтек аудан тұрғындары ұйымдастырушы облыстық жастар ресурстық орталығына алғыс білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!