Канаданың Ванкувер қаласындағы BC Place стадионында D тобындағы матч өтті. Австралиялықтардың 2:0 есебіндегі сенсациялық жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Кездесудің 27-минутында Австралия есеп ашты. Қарымта шабуыл кезінде Нестор Иракунда Пол Окон-Энгстлердің пасынан кейін айып алаңының сол қапталынан дәл соққы жасап көзге түсті.
Шотландия әлем чемпионатын жеңіспен бастады
30-минутта түріктер есепті теңестіруге тамаша мүмкіндік алды. Абдюлкерим Бардакджы алыстан қауіпті соққы жасағанымен, Австралия қақпашысы Патрик Бич допты қайтарды.
Марокко мен Бразилия жеңімпазды анықтай алмады
Үзілістен кейін Түркия құрамасы қарсылас қақпасына қысымды күшейтті. Алайда гол соққан тағы да австралиялықтар болды. 75-ші минутта Коннор Меткаф шабуылдың оң қапталына шығарылған допты кәдесіне жаратты.
Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті
Матч бойы Түркия құрамасы қарсылас қақпасына 30 соққы жасағанына қарамастан, бапкер Винченцо Монтелла шәкірттері кем дегенде бір гол соға алмай кетті. Қорытынды нәтиже 2-0.
Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!