Қазалы ауданындағы Бекарыстан би ауылында алғаш рет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Майдакөл ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, «Jas Otan» Жастар Қанаты Қазалы аудандық филиалы және жеке кәсіпкер Қабақ Әлішердің қолдауымен бильярдтан ауыл жастары арасында спорттық жарыс өткізілді. Жарысқа барлығы 16 спортшы қатысты. Өткізіліп отырған жарыстың басты мақсаты ауыл жастары арасында бильярд ойынын кеңінен насихаттау және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жарыс Бекарыстан би ауылындағы «Тілеулес» тойханасы жанынан ашылған бильярд залында карантиндік талаптарды сақтай отырып, көрермендерсіз өткізілді. Жарысты округ әкімі Қ.Құрманбаев ашып беріп, спортшыларға сәттілік тіледі. 3 күнге созылған тартысты ойында үздіктер анықталып, нәтижесінде С.Үмбетов жеңімпаз атанды. ІІ орын Р.Сәдуақасқа бұйырса, ІІІ орынды М.Жәми иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар естелік кубок, медальдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!