Фото: Olympic.kz

Sputnik. Еркін күрестен Қазақстан құрамасының үздігі Азамат Дәулетбеков қатарынан үш дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлады ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.

86 келіде сынға түскен Азамат Дәулетбеков финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді.

Осылайша, өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды.

Бұған дейін Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатынан бөлек, әлем біріншілігінде екі рет қола жүлдегер атанған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!