Қазіргі таңда үстел теннисі студенттер мен жастардың арасында өте танымалдылыққа ие. Оған қоса адамның физикалық және психологиялық денсаулығына аса пайдалы.
Осы орайда облыстық жастар ресурстық орталығы мен ҚМДБ Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен үстел теннисінен жарыс өтті. Сайысқа қала орталығынан іріктелген 15 жас қатысып, бақ сынады.
Жарысқа қатысушылар қарсыласын жеребе арқылы таңдап, өзара сайысты. Нәтижесінде бірінші орынды Мақсат Мугалов иеленсе, екінші орын Ғалымжан Ахатаевқа бұйырды. Ал Әсет Баймұрза үшінші орынды қанағат тұтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!