Қазалы ауданындағы Бекарыстан би ауылында алғаш рет Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Майдакөл ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Jas Otan жастар қанаты Қазалы аудандық филиалы және жеке кәсіпкер Қабақ Әлішердің қолдауымен бильярдтан ауыл жастары арасында спорттық жарыс өтті.

Барлығы 16 спортшы қатысты. Мақсат – ауыл жастары арасында бильярд ойынын кеңінен насихаттау және жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру. Жарыста округ әкімі Қ.Құрманбаев беріп, спортшыларға сәттілік тіледі. 3 күнге созылған тартысты ойында үздіктер анықталып, нәтижесінде С.Үмбетов жеңімпаз атанды. ІІ орын Р.Сәдуақасқа бұйырса, ІІІ орынды М.Жәми иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар естелік кубок, медальдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!