«Қазақ дәстүріне жат қылық», дейді Әлімханұлы.

Лас-Вегаста 12 раундқа есептелген жекпе-жекте Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Дэнни Дигнумға бірден қысым жасап, оны бірінші раундта нокдаунға түсірді. Ал екіншісінде ұлыбританиялық күшті соққыны жіберіп алып, терең нокаутқа түсті. Осылайша, орта салмақта Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBO) тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атанды, деп жазады Халық үні.

Жәнібек Әлімханұлы осымен 12-жеңісіне жетіп отыр. Оның 8-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Дигнум карьерасында алғаш рет жеңілді.

Қазір орта салмақта WBO әлем чемпионы титулы америкалық Деметриус Андрадеде (31-0, 19 КО). Оны ұйым Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға міндеттеген. Егер америкалық жекпе-жектен бас тартса, Әлімханұлы титулды жекпе-жексіз жеңіп ала алады. Осы орайда Жәнібек Әлімханұлына WBA Super, IBF және IBO титулдарының иесі, қазақстандық Геннадий Головкинмен де жекпе-жек өткізу туралы сұрақ қойылды.

Бұл – қазақ дәстүріне жат қылық. Біз үлкенге қол көтермейміз. Головкин жоғары дивизионға көтеріледі деп үміттенемін. Өйткені мен орта салмақтағы барлық белбеуді жинағым келеді, – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Төменде Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 KO) арасындағы титулдық жекпе-жектің толық видеосы жарияланып отыр.