Фото: Бокс федерациясы

Астанада 8-10 сәуір аралығында өтетін спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды. Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі хабарлайды.

ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, ерлер арасындағы 63,5 келіде бес боксшы сынға түседі. Олар – Ертуған Зейнуллинов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов және Жандос Қыдырәлиев. 

Жеребе қорытындысы:

Дулат Бекбауов – Серік Теміржанов

Ертуған Зейнуллинов – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

Жандос Қыдырәлиев жарысты екінші айналымнан бастайды. 

Айта кетелік, Бекбауов 67 келіде, Теміржанов 57 келіде әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері атанған. 

Қыздар арасындағы жеребе нәтижесі: 

50 келі: 

Алуа Балқыбекова – Назым Қызайбай

54 келі:

Балауса Мұздыман -Жайна Шекербекова

Элина Базарова – Ұлжан Сәрсенбек

Дина Жоламан – Сымбат Әлиасқар

Сания Сұлтанқызы – Анель Сақыш

66 келі: 

Дариға Шәкімова – Наталья Богданова

Милана Сафронова – Богданова/Шәкімова жұбының жеңімпазы

Лаура Есенкелді – Жасмин Қизатова

75 келі: 

Жібек Жарасқызы – Гүлсая Ержан

Валентина Хальзова – Ержан/Жарасқызы жұбының жеңімпазы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!