Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің құрылғанына 20 жыл толуына орай, бокстан Қазақстан Республикасының мықты боксшысы турнирінің ашылу салтанаты өтті.
Спорттық шараның ашылу рәсімінде облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов өңіріміздегі жеңіске жеткен спортшылардың жетістіктеріне тоқталып өтіп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының бас бапкері, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Аркадий Топаев жастар мен жасөспірімдер арасындағы жарыстарда боксшылардың қол жеткізген жетістіктерін айтты.
Турнирге барлығы 14 облыс пен 3 қаладан 17 команда, барлығы 250-ден астам 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер қатысуда. Жарыс 20 қараша күні қорытындыланып, жеңімпаз атанған былғары қолғап шеберлері жүлделі орындармен марапатталады.
Айта кету керек, аталған шара №2 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалалар мен жасөспірімдер мектебінің спорт залында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен облыстық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!