«Евразия» мәдени сауықтыру спорт кешенінде халық балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алу­ға арналған дәстүрлі респуб­лика­лық ашық турнир өтті.

– Турнир 3 күнге созылды. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысып, бозкілемде белдесті. Жарыстың ерекшелігі, облыс құрамына алынған 36 жастың 25-і Қызылорда қаласының спортшыларынан құ­рал­ған. Бұл – қала тұрғындарының қазақ кү­ре­сіне, жалпы спортқа деген қызығушылы­ғының жоғары дәрежеде екенінің айғағы», – дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі­нің басшысы Айбек Орманов.

Жарыс «Qazaq kuresi» Ассоциациясы бе­кіт­кен қазақ күресі ережесі бойынша өтті. Барлық аймақтан 2002-2004 жылы туған жастар арасында әр салмақта 3 спортшыдан, өткізуші аймақтан әр салмақ дәрежесіне 4 спортшыдан жіберілді. Әр салмақ дәрежесі бойынша 1 келі жеңілдік қарастырылған. Айта кету керек, жеңімпаздарға Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат атағы берілді.