Бүгін, 10 қыркүйекте футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 19-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған тур 10 және 11 қыркүйек күндері өтеді. Алдымен 10 қыркүйекте бес ойын болса, 11 қыркүйекте қалған екі кездесу белгіленген.

Алғашқы кездесуде – 10 қыркүйекте 16:00-де «Ақжайық» (Орал) пен «Шахтер» (Қарағанды) жасыл алаңға шықса, 18:00-де «Тараз» бен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Каспий» (Ақтау) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан) командалары шеберлік байқасады.

Одан кейін 20:00-де «Тобыл» (Қостанай облысы) мен «Атырау», «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Ақтөбе» командалары кездеседі.

Ал 11 қыркүйекте 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент) ойыны басталса, 20:00-де «Тұран» (Түркістан облысы) мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады.

Ойындар «Qazsport» және ПФЛК-ТВ арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір турнир кестесінде «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл» командалары алғашқы үштікте келеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Мақтаарал» футбол клубына жаңа бас бапкер келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!