Қазақстан кәсіпқой боксының жарық жұлдызы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe-jek сарайында өткен кәсіпқой бокс кешінің негізгі жекпе-жегі қазақстандық Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао арасында болды.

12 раундқа жоспарланған кездесудің екінші раундында Данияр Аргентина боксшысын нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да «нокдаун» ашылды. Бірақ оңтүстік американың өкілі кешті жалғастыруға дайын болып шықты. Қалған раундтар Даниярдың басымдығымен өтіп, жеңімпаз 12 раундта белгілі болды. Төрешілер шешімімен Елеусінов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына лайық деп танылды.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі 10 жеңісінің алтауын нокаутпен аяқтаса, оның қарсыласы 15 жеңісінің төртеуін нокаутпен тәмамдап, бір жекпе-жегін сәтсіз өткізген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!