Испанияның Мадрид қаласында теннистен Дэвис кубогінің ширек финалы өтуде. Әлемнің үздік 8 құрамасы жартылай финал үшін жорығын бастады. Кортта алғаш болып Қазақстан мен Сербия спортшылары жолықты.

Биыл жарыстың форматы өзгеріске ұшыраған. Яғни қос тарап арасында 3 кездесу болады. Алғашқы ойында Михаил Кукушкин жеңіске жетіп, ұлттық құраманы алға шығарды. Екінші матчта Александр Бублик әлем үздігі Новак Джоковичке жол берді.

Ал шешуші сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұбы Новак Джокович және Никола Чачичпен сынға түскен. 1 сағат 37 минутқа созылған кездесу сербиялықтардың жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп: 6:2, 2:6, 6:3. Осылайша жерлестеріміз жарыс жолы­­нан шығып қалды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші­лер ширек финалға дейін Швеция және Канада құрамаларын ұтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!