Түркияда өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың 5 түрінен сайысқа түседі. Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов қазақстандық топ қай сайыс­тан жүлде алуы мүмкін екеніне бол­жам жасап, ықтимал жүлделерді са­рап­тады.
«Негізі 4 спорттан бақ сынаймыз. Ал бе­сіншісі ретінде қырғыз спортының бір түрі «Көкбөрі» дегенге де команда қойып отыр­мыз. Жалпы 5 спорт түрінен біздің қаты­су­шыларымыз, шабандоздарымыз, садақ­шы­ларымыз – «сен тұр, мен атайын» деген азаматтар мен азаматшалар. Сондықтан біз барлығынан да үлкен үміт күтеміз. Жеңісті 1-2 орындардан көрініп қалармыз», – деді спикер.
Еске салайық, 29 қыркүйек пен 4 қазан ара­лығында Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.