Қазақстандық паралимпиадашылар жаңа жыл қарсаңында алғаш рет аламанға қатысып, Дубайдағы Дүниежүзілік Гран-при 2021 сайысынан олжалы оралды.

Ұлттық құраманың қоржынында 1 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль бар:

•      Салтанат Әбілқасымқызы – 100 метр қашықтыққа жүгіруден алтын, 200 метр қашықтыққа жүгіруден күміс

•      Алексей Лукутин – ядро лақтырудан күміс

•      Сергей Харламов – ұзындыққа секіруден күміс

•      Ислам Салимов – ұзындыққа секіруден күміс

•      Руфат Хабибуллин – 200 метр қашықтыққа жүгіруден қола

•      Анастасия Яковлева – 100 метр қашықтыққа жүгіруден қола, 200 метр қашықтыққа жүгіруден қола

•      Равиль Мансурбаев – ядро лақтырудан қола

•      Еламан Жоламан – диск лақтырудан қола

•      Мақшат Мейіржан – 400 метр қашықтыққа жүгіруден қола жеңіп алды.

Пара жеңіл атлетика бойынша бас жаттықтырушы Тахир Мамашаев Ұлттық құраманың қоржынында 1 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль барын қуанышпен хабарлады.

«Карантинге байланысты жарыстар болмағандықтан, уайымдадық, дегенмен нәтиже бізді қуантты. Спортшылар бір жыл бойы үйде және онлайн жаттығып, жақсы нәтижеге қол жеткізді!», – деді ол.

Дубайдағы Дүниежүзілік Гран-при 2021 – пандемия басталғаннан бері пара жеңіл атлетикадан  өткізілген бірінші әлемдік жарыс. Оған 52 елден 471 спортшы қатысты. Қазақстанның атынан ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, найза және диск лақтыру, жүгіру қашықтығы тәртібі бойынша 22 спортшы қатысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!