17 жастағы қазақстандық Жібек Құлымбетова 2024 жылы Абу-Дабиде өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды SmartNews.kz.

Джиу-джитсу мен грепплингтен 8 дүркін әлем чемпионы, Самат Рамазанов атындағы академияның спортшысы, күрең белбеу иегері 48 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Ол аталған турнирде үш жекпе-жек өткізіп, БАӘ мен Моңғолиядан келген қарсыластарын қапы қалдырды. Жарыс «но-васа» дисциплинасы бойынша өтті.

Спортшы Instagram-дағы парақшасында марапаттау рәсімі мен әнұран орындалған сәттің видеосын жариялады. 

– Джиу-джитсудан Азия чемпионы атандым. Мені үнемі қолдап жүретін бапкерім Самат Айтпанбетке және барша тәлімгеріме шексіз алғысымды білдіремін. Барлығы үшін Айдын ағаға және дене шынықтыруға көмектескен Мұхамеддин ағаға ерекше рахмет. «Мен өз әріптестеріме де алғыс айтамын, біз бұдан былай да аянбай еңбек етіп, еліміздің туын халықаралық ареналарда бірге желбіретеміз», – деп жазды спортшы. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!