Бүгін Сырдария ауданы, Бесарық ауылында «Абай Дәулет» ЖШС жүлдесіне арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты болып өтті.Турнирге Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Абай, Қызылорда облыстарынан 530 балуан қатысуда.

Салтанатты шараны ашқан Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, мұндай шаралардың келер ұрпақ үшін маңыздылығын айтып өтті.Сонымен бірге, шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл, «Абай-Даулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев, Сырдария ауданының құрметті азаматы, айтыскер ақын Нұрмат Мансұров және тағы басқа қонақтар қатысты.

Әрі қарай спорттық шара жас палуандарымыздың арасындағы тартысты жекпе-жекке ұласты.