Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина турнирдегі жеңісі үшін берілетін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартты. Бұл туралы федерация вице-президенті Юрий Польский мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтуынша, федерация теннисшіні қаржылай қолдағысы келген. Алайда, ол бұдан бас тартып, қаржыны қайырымдылыққа және Қазақстанның жас теннисшілерін қолдауға жұмсағысы келетінін жеткізді. «Федерацияға қазірдің өзінде өз балаларын тенниске бергісі келетін ата-аналардан өтініш көптеп түсіп жатыр. Елде үлкен серпіліс пайда болды. Бұл теннистің жаңа қарқынмен дамуына жол ашпақ», – деді Ю. Польский. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Болат Өтемұратовтың Елена Рыбакинаның жарқын жеңістері алда екені туралы айтқанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, Елена Рыбакина үйге – Қазақстанға қайтатынын жеткізді .

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!