Қазақстанның бірінші ракеткасы және Ұлыбритания Ашық чемпионатының 2022 жылғы жеңімпазы Елена Рыбакинаның Торонто (Канада) турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Финалдың 1/16 кезеңінде қазақстандық теннисші америкалық спортшы Кори Гауффпен кездеседі. АҚШ теннисшісі қазіргі сәтте әлемдік рейтингіде 11-орында тұр.

Бұған дейін Елена Рыбакина үш сағатқа созылған ауыр матчта Чехия өкілі Мария Боузкованы үш сетте ұтса, Гауфф отандасы Мэдисон Бренглді екі сетте жеңіп кетті.