44 жастағы ресейлік маман Магомед Адиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Футбол федерациясында Адиевті бас бапкер ретінде таныстыру бүгін, 6 мамырда өтті. Оған ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов қатысты.

Еске салайық, Қазақстан құрамасын Адиев басқарады деген ақпарат сәуірде шыққан болатын. Бұған дейін ол қарағандылық «Шахтерді» жаттықтырған еді.

Адиевке дейін құраманың бас бапкері міндетін Андрей Карпович атқарған, ал оған дейін құраманы Талғат Байсуфинов басқарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!