Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында жартылай финалға шыққан құрамалар толықтай анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді жартылай финалда Португалия мен Испания, Ресей мен Украина шеберлік байқасады. 1 ақпанда Ресей Грузияны 3:1, Испания Словакияны 5:1 есебімен тізе бүктірді. Одан бұрын 31 қаңтарда Украина Қазақстаннан 5:3, Португалия Финляндиядан 3:2 есебімен басым түскен еді. Жартылай финал ойындары 4 ақпанға белгіленген. Ал 6 ақпанда финал және 3-орын үшін ойындар болады. Еуропа чемпионаты 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін Испания – 7, Италия – 2, Ресей мен Португалия 1 мәрте чемпион атанды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!