Халықаралық бокс ұйымы (IBO) жаңартылған рейтингін жариялады. Онда қазақстандық Геннадий Головкин әлі де орта салмақта әлем чемпионы қатарында тұр.
«Головкин IBO-ның ең белді чемпиондарының бірі. Тіпті 40 жасқа келген қазіргі кезде де, 42-2-1 рекордымен және көптеген тарихи бокс кештеріне қатысқаннан кейін, ол орта салмақтағы әлем чемпионы белдігіне абыроймен ие болып отыр», – делінген IBO хабарламасында.
Еске салайық, Геннадий Головкин IBF және WBA Super нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан және міндетті жекпе-жектерді өткізуден бас тартқан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!