Орта салмақтағы әлем чемпионы Генадий Головкин Канелломен жұдырықтасқаннан кейін алдағы жоспарымен бөлісті.

– Бүгінгі кездесдесуді неге сылбыр бастады деп айтып жатқандар көп болар. Бұл мен үшін және барша бокс жанкүйерлері үшін мықты айқас еді. Канелло өте тегеурінді қарсылас. Шалс қимылды қалт жібермейді. Бір соққы кездесуді аяқтауы мүмкін еді. Сондықтан қорғанысқа бекем болу керек болды. Саульді жеңісімен құттықтаймын. Біз сөзсіз әлемнің мықтысы саналалдық. Баскетболдағы Кобе мен Майкл Джордан секілді. Алда үлкен жоспарлар күтіп тұр. Геннадий мен Сауль арасындағы жекпе-жектің нүктесі бүгін қойылды. Мансабымды одан әрі жалғастырамын, – деді Головкин.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы триалогияда Канелло ұпай санымен жеңіске жетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!