19 жастағы қазақстандық  Руслан Фатахов кер­ме­ге тартылудан бес жаңа рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол кішкентай кезінен спортпен айналысқан. Алғашында грек-рим күресін жақсы көрген, кейін жеңіл атлетикамен, футболмен, бас­кетболмен, волейболмен, ал 16 жасында стрит­лиф­тингпен айналысқан.

«Спорт – менің өмір салтым. Жеңіске жеткенді, бірінші болғанды жақсы көремін. Стритлифтинг – өз-өзіңмен күресу. Басында артық салмақпен көтеріле алмадым, бірақ ауыр жаттығулар өз нәтижесін берді. Былтыр жазда дене салмағыма +32  келіде тартылуда әлем чемпионы атандым. Чемпионат Киевте өтті», –деді Руслан.

Руслан былтыр қазанда Гиннестің рекордтар кітабына «қосымша салмақпен тартылу» номинация­сына өті­нім берген. Ол осы номинациядағы барлық жеті рекордты жаңартуға шешім шығарған. Биыл сәуірде екі жаттықтырушының қатысуымен фото, видеоға түсіріп жасаған. Видео мен қажет құжаттарды жіберген Руслан алты айға жуық уақыт жауап күткен. Жақында оның бес рекорд жаңартқаны расталды.