Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жеңісінен кейін рейтингтегі орны жаңарды.

Енді Головкин BoxRec рейтингісінде барлық боксшы арасында салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) бірінші орынға жайғасты. Боксшының жинаған  балы – 698.6. Екінші орында – мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО), оның қазіргі уақыттағы рейтингі – 687.4 балл. Әлемнің үздік боксшыларының үштігіне америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) кірді.

Еске салсақ, Геннадий Головкин 9 сәуірде Жапонияда өткен жекпе-жекте Риота Муратаны техникалық нокаутпен жеңді. Енді ол WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!