Қазақстанның грэпплинг құра­ма­сы Елорда төсінде өткен бала­лар, жасөспірімдер, жастар мен ере­сек­тер арасындағы «ASIA OPEN – 2023» турнирінде жеңіс туын желбіретті. Дүбірлі додада әлемнің 1200-ге жуық спортшысы бақ сынасқан.
Төрт күнде спортшылар түрлі жас са­нат­тар бойынша сынға түсіп, өздерінің да­ралығын байқатты. Нәтижесінде коман­далық есепте отандастарымыз жеңіске жетті. Қырғызстан ІІ орынды еншілесе, үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!