Қарағанды қала­сында 18 жасқа дейінгілер арасында екін­ші халықаралық ITF Juniors тур­нирі мәреге жетті. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткен­дей, Team Kazakhstan ака­де­миясының тәрбие­ленуші­ле­рі табысты өнер көрсетті.
Бозбалалар арасында Ислам Орынбасар финалда ресейлік Артем Алексейчукті 6:4, 6:1 есебімен ұтты. Сөйтіп ол жеке лейсында ITF Juniors жарысындағы алғашқы титулына қол жеткізді.
Жұптық сында Әмір Омарханов Виталий Зацепинмен бірге соңғы бәсекеде ресейлік Егор Горин мен өзбекстандық Артур Ибрагимовті 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Бұл – Әмірдің ITF Juniors сериясындағы алғашқы жеңісі.