Фото: icehockey.kz

Ойынның бірінші кезеңінің соңында есеп 3:2 болды, ал келесі кезеңнің басында австриялықтар екі шайба салды.

Қазақстандық хоккейшілер Австрия құрамасына қарсы соңғы матчта жеңілгеніне қарамастан, әлем чемпионатының жеңімпазы атанды және бір жылдан кейін Канададағы жастар чемпионатының элиталық дивизионында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Австриямен соңғы матчта негізгі ойын 6:6 есебімен аяқталды. Алайда буллит барысында жеңіліп қалды.

Қазақстан жастар құрамасы үшін Австрияға қарсы соңғы матч ештеңені шешкен жоқ. Себебі олар мерзімінен бұрын чемпион және екі күн бұрын кесте бойынша көш бастап тұрды. Австрия құрамасы негізгі бәсекелестері – Франция мен Даниядан жеңілгеннен кейін медаль алу мүмкіндігін жоғалтты, – деп мәлімдеді Қазақстан хоккей федерациясы.

Алғашқы шайбаны қарсыластар салған, бірақ Александр Ким есепті теңестірді. Ойынның бірінші кезеңінің соңында есеп 3:2 болды, ал келесі кезеңнің басында австриялықтар екі шайба салды. Төртінші шайбадан кейін Артем Шестаковтың орнына Владимир Никитин келді. Осыдан кейін біздің хоккейшілер қатарынан төрт шайба лақтырды. Александр Ким дубль жасады, Руслан Оспанов, Әділ Бейсембаев және Роман Ермак та ұпай қосты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!