Фото: icehockey.kz

KAZINFORM – Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы әлем чемпионатына баратын хоккейшілер тізімін жариялады. Жаһандық дода 10 және 26 мамыр аралығында Чехияда өтеді. 

Қазақстан құрамасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі. 

Бүгін, 5 мамырда ұлттық құрама Чехия астанасы Прага қаласында болады. Онда Ұлыбританиямен жолдастық кездесу өткізеді. 

Ұлттық құрама тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі – «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»);

Қорғаушылар: Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы – «Барыс») Артём Королёв, Мәди Диханбек (екеуі – «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал», Ресей), Валерий Орехов («Металлург», Ресей);

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Роман Старченко, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков (барлығы – «Барыс»), Олег Бойко («Номад»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі – «Металлург», Ресей), Кирилл Панюков («Амур», Ресей);

Қазақстандық хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда ойын көрсетіп келеді.

Ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын. Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған.

Алғашқы ойынын Қазақстан құрамасы 11 мамырда Франция құрамасына қарсы өткізеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!