Фото: Icehockey.kz

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Андорраның Канильо қаласында өткен шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ІІ дивизионда чемпион атанды. А тобында өнер көрсеткен құрамамыз барлық матчта жеңіске жетті. Шешуші ойында Испания құрамасына қарсы өткізген хоккейшілеріміз 5:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан құрамасы 1В дивизионына жолдама алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!