2023 жылғы «Алтын доптың» иегері кім екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марапаттау рәсімі Париждегі «Шатле» театрында өтті.

France Football нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы сыйлығын америкалық «Интер Майами» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси алды.

Америка құрлығындағы ойыншылардың ешқайсысы осыған дейін “Алтын допты” иеленбеген.

Аргентиналық спортшы сегізінші рет осы марапатқа ие болды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!