Американың Даллас қаласының тұрғыны Хосе Мигель Поланко Лионель Мессидің биылғы чемпионаттағы жеңісін бірнеше жыл бұрын болжаған. Оның Тwitter парақшасына 2015 жылы салған посты желіде таралып, көпшілікті таңдандыруда.
Болжаушы тек Мессидің жасынан қателескен. Әлем чемпионатында жеңіске жеткен кезде Аргентина құрамасының капитаны 35 жасқа толды. Қалған болжам дәлме-дәл келіп тұр. Бұл пост Тwitter-де 270 000-нан астам лайк пен мыңдаған пікір жинады. Кейбір пайдаланушылар автордың көрікпелдік қасиетіне тәнті болса, кейбірі оның бұл әрекеті жалған деп сенімсіздік танытқан. Алайда Катарда футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция құрамалары алтын жүлдені сарапқа салып, Аргентина алға шығып, болжам шындыққа айналды. Осыған орай кәсіби футболшының жетістікке жету тарихымен бөліссек.
Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, бала күнінде көп қиындық көрген балалар өскенде үлкен мақсаттарға жетеді екен. Өйткені әбден ысылып, өмірдің барлық соқпағынан өткендер есейген шағында кез келген жағдайға дайын болатын көрінеді. Ойша бағамдар болсаңыз, әрбір жетістікке жеткен адам үнемі өзін жетілдіргені байқалады. Жастайынан ата-анасына жәрдемдесіп қолғанат болады. Сонымен қатар айналасына жанашыр келеді. Ол жанның бойында адамзатқа деген ішкі құрметі мен дүниені танып-білуге қатысты энергиясы мол болады. Осылайша айналасына шуағын шашып жүреді. Бүгінгі кейіпкерде осы аталған қасиеттердің барлығы бар. Орайы келгенде жарық жұлдыз, ала доптың супер шебері туралы 5 қызықты дерекпен бөліссек…
– Мессидің тұңғыш келісімшарты қол сүртетін қағазға жасалған. Оның әкесі Хорке Барселона директоры Карлос Рекшасқа жылдам қол қоюды өтінген. Мейрамхана даяшы­сынан қол сүртетін қағаз сұрап, келісім шартты соған жасаған;
–2004 жылы 16 қазанда Лионель Месси Барселона сабында Эспанольға қарсы өнер көрсетіп көзге түседі. Сол жылы 17 жасында Испания біріншілігінде кәмелетке толғаннан кейін берілетін «ең үздік жас футболшы» атағын иемденеді;
– Ол әлемдегі футболшылар алатын ең бастысы номинация – «Алтын допты» 6 рет, «Алтын бутсыды» 3 мәрте алған бірден-бір рекордшы,
– Аргентиналық танымал CULE спорт басылымы жерлестерінің құрметіне газеттің атын өзгертіп бір рет ЛЕО деп шыққан;
– Сарапшылар оның сол аяғының ептілігін Марадонаның аяғымен салыстырса, жылдамдығын Кройф пен Роналдиньоға теңестіреді. Месси өзінің спорттық карьерасында 642 артық ойын өткізіп, 550 астам гол соққан нағыз талант иесі.
Ол төрт рет Испания чемпионы атанды. Ал 2006 және 2009 жылдары Лео Месси Чемпиондар лигасының жеңімпазы болады.World Soccer сараптамасы бойынша Лионель Месси 2006, 2007 және 2008 жылдары Еуропаның ең үздік жас футболшысы титулын иемденеді. 2005 жылы юниорлар арасында әлем чемпиондығына жетсе, 2008 жылға келіп, Олимпиада чемпионы атанды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!