Мысырдың Александрия қаласында парадзюдодан Гран-При сериясы жарысы өтті. Байрақты бәсекеге 30 елден 160 спортшы қатысты. Отандастарымыз алты жүлдеге ие болды.
Ерлер арасындағы бәсекеде Олжас Оразалыұлы (-73 келі, J2) мен Ерлан Өтепов (+90 келі, J1) күміс ме¬даль алса, Ерғали Шамей (-73 келі, J1), Жанбота Аманжол (-90 келі, J2) мен Ерлан Қоңқиев (+90 келі, J2) қола жүлде жеңіп алды.
Ал әйелдер арасындағы жарыста Даяна Федосова (-57 келі, J2) күміс медалді қанжығасына байлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!