Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен XII облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті.

Дүбірлі бәсекеге Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 9 команда 200-ге жуық балуан қатысты.
Түйе палуан сайысына 13 спортшы қатысты. Олардың арасында аралдық Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанып, «Алтын белбеу» белдігі мен 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

«Сыр Арланы» – Қызылорда қаласының спортшылары Мақсат Исағабыловқа 300 мың теңгенің, «Сыр Сұңқары» – Ержан Аблуллаевқа 200 мың теңгенің сертификаты берілді.

Үстіміздегі жылдың 4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Н.Сəлімгереев пен М. Исағабылов облыс намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ, үш жас ерекшелігі бойынша 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер, 2002-2003 ж.т. жастар және ересектер арасында спортшылар 26 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасты.