Жұма күні, қысқы Паралимпиада ойындарының жетінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы биатлоннан 12,5 шақырым қашықтыққа отырып және тұрып жарысудан сынға түседі. Жарыс Қытайдың Хэбэй провинциясындағы Чжанцзякоу тау шаңғысы курортында өтуде.

11 наурыз биатлон жарысының соңғы күні. Ерлер мен әйелдер арасында 6 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазіргі Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц биатлоннан ерлер арасындағы жекелей жарыста 12,5 шақырым қашықтықта тұрып өнер көрсетеді. Қазақстандық спортшының қатысуымен финалдық жарыс жұма күні (Бейжің уақытымен 12:40) өтеді.

Украина құрамасы спорттың осы түрінен 5 алтын медальмен жүлделер кестесінде көш бастап тұр. Қытай 3 алтынмен екінші орында, АҚШ үшінші орында (екі алтын медаль). Алтыншы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қытай құрамасы 32 жүлдемен медальдар кестесінде үлкен есеппен көш бастады: 10 алтын, 9 күміс және 13 қола. Канада құрамасы екінші орында (7-2-7), Украина үшінші орында (6-8-5).

Бейжіңдегі Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді.