Бүгін қызылордалық «Қайсар» Қызылорда-Алматы-Стамбул-Анталия бағыты арқылы Түркияға аттанды.

Жерорта теңізінің жағалауында қасқырлар наурыз айының 16-на дейін жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Оқу-жаттығу жиыны барысында бас бапкер Сұлтан Әбілдаев бірнеше жолдастық кездесу өткіздуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар команда құрамына қосылатын футболшылар Түркияда қаралымнан өтетін болады.

Анадолы жерінде өтетін оқу-жаттығу жиынына төмендегі футболшылар шақырту алды. Нұрымжан Салайдын, Нұрмат Сәрсенов, Елжас Сарбай, Айбол Жахаев, Мағжан Бауыржан, Абылайхан Төлегенов, Ислам Әбілқасов, Мақсат Байжанов, Руслан Сахалбаев, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов, Өркен Махан, Елжас Алтынбеков.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!