Қызылордалық «Қайсар» ел біріншілігінің маусымашар кездесуінде «Оңтүстік академияны» қабылдап, 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың алғашқы жартысында «қасқырлар» бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Кездесудің 20-минутында Кирилл Сидоренко Павловтың қақпасынан саңылау тауып, есеп ашты. Кириллдың сәтті соққысынан кейін қос команда нәтижелі шабуыл ұйымдастыра алмай, үзіліске бет алды.

Кездесудің екінші жартысын «Қайсар» ширақ бастап, Руслан Сахалбаев дубль авторы атанды. Қонақтар кездесудің соңында пенальти тебуге мүмкіндік алып, есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп 3-1.

Қайсар: Салайдын, Дылевский (Сарбай 86), Жоау Педро, Жұмаханов, Горизанов, Құлмағанбетов, Байжанов (Сламбеков 66), Сахалбаев (Горшунов 66), Мамаду (Алтынбеков 61), Сидоренко (Махан 86).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!