Премьер-лиганың алғашқы айналымында сәтсіз өнер көрсеткен  «Қайсарға» жаңа бапкер тағайындалды. 64 жастағы Владимир Никитенко енді қасқырларды жоғары лигада сақтап қалуға атсалысатын болады. Білікті бапкер бүған дейін қызылордалық «Қайсарды» екі мәрте жаттықтырған. Атап айтсақ, 2008 жылы тізгінді ұстап, ел біріншілігінде табысты нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ 2012 жылы «Қайсарға» қайта оралып, премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға үлес қосты. Владимир Никитенконың  бапкерлік мансабы төмендегідей:

• 1991-1992 – «Химик» (Тараз);

• 1993 – «Достық» (Алматы);

• 1994 – «Ақтөбе» (Ақтөбе);

• 1995 – «Елімай» (Семей);

• 1996-1997 – «Қайрат» (Алматы);

• 1998-2000 – «Қайрат-Бутя»;

• 2001-2002 – «Атырау» (Атырау);

• 2003-2007 – «Терек» (Грозный, Ресей);

• 2008 – «Қайсар» (Қызылорда);

• 2009 – «Ордабасы» (Шымкент);

• 2010 – «Жетісу» (Талдықорған);

• 2011 – «Қайрат» (Алматы);

• 2011-2012 – «Қайсар» (Қызылорда);

• 2013-2014 – «Ақтөбе»;

• 2014-2016 – «Атырау» (Атырау);

• 2017 – Қазақстан (U 21);

• 2018 – «Тобыл» (Қостанай);

• 2020 – «Тараз».

Жетістіктері:

• «Достық» (Алматы) – Қазақстан кубогының иегері (1993)

• «Ақтөбе» – Қазақстан кубогының финалисті (1994)

• «Елімай» (Семей) – Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы, Қазақстан кубогының иегері және Қазақстан суперкубогының жеңімпазы (1995)

• «Қайрат» (Алматы) – Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1997), Қазақстан кубогының иегері (1997, 2000)

• «Қайрат-Бутя» – Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1999)

• «Атырау» (Атырау) – Екі мәрте Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2001, 2002).

• «Терек» (Грозный, Ресей) – Ресей бірінші лигасының жеңімпазы (2004), Ресей кубогының иегері (2004), Ресей бірінші лигасының вице чемпионы (2007).

• Ақтөбе – Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы (2013), Қазақстан суперкубогының жеңімпазы (2014)

Бапкерлік еңбегі жолында 40-тан аса спорт шеберін, 30-дан аса футболшыны Ұлттық құрама сапына даярлады.

Айта кетейік, «Қайсар» ел чемпионатының 14 турынан кейін 7 ұпай еншілеп, 14 орында келеді. Дала қасқырлары 13 маусымда жаңа бапкермен «Тұранды» қабылдайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!