Қазақстан футбол федерациясының қабырғасында елімізде футзалды дамыту бойынша жиын өтті. Жиында Қазақстанда кәсіпқой футзал лигасын құру туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Шешімді футзалдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының барлық клубы қолдады.

Лига президенті лауазымына Асқар Әбілдаев сайланды. Ол бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының футзал департаментін басқарған болатын. Ұйымның негізгі қызметі – футзалдан ішкі жарыстарды ұйымдастыру. Атап айтқанда, OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты, OLIMPBET-Қазақстан кубогы, OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы және барлық жас ерекшелігі бойынша ел біріншіліктерін (U-13, U-15, U-17) өткізу.

Сондай-ақ күн тәртібіне футзалдан Қазақстан Бірінші лигасын құру және жаңа маусымнан бастап футзал командаларын сертификациядан өткізу мәселелері қаралды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!