Өз саласында B-Boy Mig деген лақап атпен танылған қазақстандық Әмір Зәкіров Red Bull BC One брейкингтен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық брейкинг шебері ақтық сынға қатысқан 16 үміткердің арасында үздік деп танылды.

Шешуші сайыста ол Канададан келген Philkwizard-қа қарсы шыққан болатын. Әлемнің түкпір-түкпірінен брейкерлердің басын қосқан жарыс Польшада өтті. Red Bull BC One – әлемдегі ең ірі және беделді брейкинг жарысы. Жарыстан әлеуметтік желі арқылы 7 тілде көрсетілім жүргізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!