Фото: Sputnik / Владимир Песня

Sputnik. Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе Бірінші лигадағы «Уикомб» футбол клубының жаңа қожайыны атанды.

BBC-дің хабарлауынша, Ломтадзенің Blue Ocean Partners Ltd компаниясы осы маусымды Англияның үшінші дивизионында 10-шы орында аяқтаған клубтың 90% акциясын сатып алған.

2020 жылдың ақпан айынан бастап «Уикомб» америкалық кәсіпкер Роб Куигге тиесілі, ол өтпелі кезеңде президент болып қалады.

Сондай-ақ Премьер-лиганың әртүрлі клубтарында жұмыс істеген Дэн Райс футбол жөніндегі атқарушы директор болып тағайындалғаны белгілі болды.

Осы жылдың басында Ломтадзе 4,5 миллиард фунт стерлинг дәулетімен Forbes миллиардерлер тізімінде 581-орыннан көрінді. Михаил Ломтадзе – Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылардың бірі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!