Сәрсенбіде палуандар Нұр-Сұлтанда бас қосып, Тұңғыш Президент жүлдесін сарапқа салды. Сегіз салмақ дәрежесінде 64 балуан боз кілемде белдесті.

 Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында ұзын саны 32 жекпе-жек ұйымдастырылды. Кіл мықтылардың арасынан үздігін анықтауға 8 сағаттан астам уақыт жұмсалды. Сарапқа салынған жүлде қоры да қомақты. Әр салмақта жеті қарсыласын ұтқан балуанға 10 мың доллардан бұйырды.

Бәсі биік бәсекеде облыс намысын 5 спортшы қорғады. Нәтижесінде 55 келі салмақта Бекжан Төлепов пен 100 келі салмақта Мақсат Исағабылов қарсылас шақ келтірмей «Бас балуан» атағына ие болды.