Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Жаманқұл Асылжан Зұлфқарұлы тағайындалды.

Жаманқұл Асылжан Зұлфқарұлы 1970 жылы Қызылорда қаласында туған.

1994 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «Дене тәрбиесінің мұғалімі», 2018 жылы Нархоз университетін «Құқық бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Сырдария ауданы Айдарлы ауылында спорт нұсқаушысы болып бастап, 1988-1990 жылдары Кеңес армиясы қатарында, 1990-1994 жылдары студент, 1994-2003 жылдары жеке секторда жұмыс жасаған. 2003-2004 жылдары Қызылорда қаласындағы №5, №2 мектептерінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2006-2010 жылдары Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

2010-2019 жылдары аралығында Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметінде болды.

2020 жылдың қараша айынан «Атилла» Қызылорда облысының дене шынықтыру мен спортшылары клубы қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарды.