Қызылорда қаласында самбодан 2003-2004 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Ел біріншілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және барлық облыстан (Солтүстік Қазақстаннан өзге) спортшылар қатысты.

Қызылорда облысының самбошылары жалпы командалық есепте алдыңғы шептен көрінді. Ұлдар құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен көш бастаса, қыздар құрамасы 2 алтын, 4 күміс, 6 қола медальмен екінші орынға ие болды.

Жалпы командалық есепте ұлдар арасында Түркістан және Жамбыл облыстары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Ал қыздарда Алматы облысының самбошылары бірінші орын алса, түркістандық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.

Әділжан Үмбет

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!